2019 жылы Германия әлемдік державалар арасында көшбасшылықты сақтап қалды

27 Шілде 2020, 19:26
1482
Бөлісу:
2019 жылы Германия әлемдік державалар арасында көшбасшылықты сақтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған америкалық Gallup қоғамдық пікірді зерттеу институтының зерттеу нәтижелері дәлел деп жазды interfax.ru.

Германия жетекші әлемдік державалар рейтингінде осымен үшінші жыл қатарынан алғашқы орынды алып отыр. Ол АҚШ-ты 10 пайыздық пунктке басып озды. Зерттеу институтының мәліметінше, 2019 жылы Германияның сенім рейтингі 44%-ды құраған, бұл 2018 жылға қарағанда төрт пайыздық тармаққа жоғары. Сонымен қатар, АҚШ-тың мақұлдау рейтингі 2019 жылы 33%-ды құрады, бұл Қытай рейтингінен бір пайыздық тармаққа (32%) және Ресейден үш пайыздық тармаққа жоғары (30%).

АҚШ-тың мақұлдау рейтингі Еуропадағы одақтас елдер арасында ең төмен болып есептеледі, онда Америка басшылығының қызметін мақұлдамайтындар көлемі 61%, ал мақұлдау рейтингін қолдайтандар небәрі 24% құрайды. АҚШ-тың мақұлдау рейтингін сақтаған жалғыз континент - Африка. Континент тұрғындарының 52%-ы осы АҚШ туралы оң көзқараста.

Gallup зерттеуі өткен жылы 135 елде өткізілді. Зерттеу институты жетекшілерінің бірі Мұхаммед Юнистің айтуынша, Вашингтонның әлемдік мәртебесіне коронавирустың пандемиясы әсер етуі мүмкін.

АҚШ басшылығының имиджі зардап шегуі мүмкін, себебі әлем елдері АҚШ штаттары мен федералдық үкіметтің инфекциямен қалай күресіп жатқанын бақылауда, - деп жазды The Guardian басылымы.

Сонымен қатар, басылымының айтуынша, сауалнама нәтижелері АҚШ Президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне қайшы келеді. Оның президенттігі кезінде АҚШ тұтас әлем алдында құрметке ие болды деп мәлімдеді. Трамп әкімшілігінің келуімен елдің мақұлдау рейтингі 18%-ға төмендеді.

Басылымның мәліметтері бойынша, АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың әкімшілігі кезеңінде жетекші әлемдік мемлекеттердің рейтингісінде көшбасшы орынға ие болған. Тек 2011 жылы ғана АҚШ Германиядан кейінгі екінші орынға түскен еді.

Өзгелердің жаңалығы