Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қазақстандықтарға арнаған құттықтауында айтты.
Жаңа жыл - барлығымыздың тағатсыздана күтетін отбасылық мерекеміз. Сыйлықтарын арқалаған Аяз Атаны балалар ғана күтіп қоймайды, үлкендер де осы күндері ғажайыпқа сеніп, арман-тілектерінің орындалуын қалайды. Біздің ортақ арманымыз бар - бұл біздің еліміздегі бейбітшілік, келісім, әрбір үйдегі амандық пен молшылық.
Ел үшін осы жыл жемісті және жақсы оқиғаларға бай болды. Оның ішінде Қарағанды облысы үшін де. Алдағы 2020 жыл одан да жақсы болсын. Ол әрқайсысына жаңа жеңістер, жаңа жетістіктер әкелсін.
Осы жаңа жылдық мерекелерде баршаңызға шаңырағыңызда шаттық болып, жақындарыңызбен сөйлесіп, ата-аналарыңызға барып, жаңа күш-жігермен жаңа жылға кіру үшін ескі достармен кездесуді тілейміз.
Бақыт, денсаулық және амандық тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын! - деп құттықтады әкім.