Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 29% азайып отыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл жөнінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры – Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов 2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша маневрлік жұмыстарды және пойз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорытындысына арналған брифинг барысында хабарлады.
«Бұған жылжымалы құрамды тиісті жағдайда ұстап тұру, теміржол желілерін сауықтыру мен жаңарту бойынша кешенді шаралар және Компания құрылымдық бөлімшелерінің мақсатты жұмысы есебінен қол жеткізілді. Бұл ретте қозғалыс қауіпсіздігі жағдайының тиісті көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен бірге техникалық пен технологиялық ресурстарына, материалдық, кадрлық сәйкестігіне ерекше назар бөлінген. Осының арқасында қозғалыс қауіпсіздігін ықтимал бұзушылықтар санының айтарлықтай алды алынды», - деп атап көрсетті Марат Шакенов.
Сонымен бірге, ол қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру жұмысары жалғасын тауып жатқандығын алға тартты. Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі кешенді шаралар жүйесін айқындап беретін құжаттар әзірленуде. Және де қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жедел мониторингілеу мен факторлық саралау жүргізіліп келеді. Адам факторы ықпалын төмендету жөнінде шаралар қабылданған. Процестер автоматтандырылуда. Аталған салада озық әлемдік тәжірибелер қолданылуда.
Келесі жылы бірлескен іс-шараларды және әр түрлі жобалар арқылы қауіпсіздік бұзушылығына төзімсіздік ауаның құру үшін барлық деңгейдегі басқармалар қызметкерлері тартылады. Бұл орайда «Ең алдымен қауіпсіздік» порталы құрылып, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылыққа нөлдік төзімдік таңыту және қауіпсіздік мәдениетін дамытудың коммуникациялық ашық алаңы болып табылады.
Бұзушылықтың алдын алу, қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру, темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету Ұлттық жолаушылар мен жүктер тасымалдаушысының негізгі міндеттері болып табылады.