2018 жылы Тараз ескерткіштерін 52 мың адам тамашалаған

14 Қаңтар 2019, 18:17
2435
Бөлісу:
2018 жылы Тараз ескерткіштерін 52 мың адам тамашалаған

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты республикалық мемлекеттік музей-қорықтарының бірінші басшылары жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. 

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы қарауындағы 30 нысан республикалық дәрежедегі тарихи мәдени мұралар, 5 нысан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Олар: Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақтөбе (Баласағұн) қалашықтары. 
«Жылдық есеп бойынша кесенелер мен тарихи орындарға келушілер саны 11 мың 655 адамды құрады.  Бұл тізімнен тыс өз бетімен келушілер саны шамамен 40 мыңға жуық. Жүргізілген 245 экскурсияның 60-ы ақылы түрде жүргізілді. Мектептер мен ЖОО-да тақырыптық-танымдық 23 әңгіме сабақтар мен дәрістер оқылды», - деді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында 56 адам қызмет етеді. Оның 45-і – жоғары білімді.

Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы