Балқашта 2018 жылдан бері іздестіріліп жүрген бүлдіршіннің денесі табылды

30 Мамыр 2019, 15:02
2331
Бөлісу:
Балқашта 2018 жылдан бері іздестіріліп жүрген бүлдіршіннің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта Техснаб ауылында жоғалып кеткен 2 жасар Бекнұр Дриғұл 2018 жылғы қазаннан бері іздестіріліп жатқан болатын. Бүгін сүңгуірлер баланың денесін алып шықты, деп хабарланды Zakon.kz сайтында.

2016 жылы дүниеге келген Бекнұр Дриғұл 2018 жылғы 2 қазан күні күндізгі сағат 12 шамасында жоғалып кетен. Бүлдіршін анасының айтуынша, ол аулада ойнап жүріп, үйді қоршаған шарбақтағы тесік арқылы сыртқа шығып кеткен.

"2019 жылы 30 мамыр күні Балқашта сүңгуірлер кішкентай баланың денесін алып шықты. Ол болжам бойынша 2018 жылы қазанда Техснаб ауылында жоғалып кеткен 2016 жылы туған Бекнұр Дриғұл. Кеше, 29 мамыр күні, тұрғындардан суда баланың денесіне ұқсас заттың жатқаны туралы хабар келіп түсті. Күн ұзағына сүңгуілер жұмыс істеді, бірақ ағыстың қаттылығына байланысты іздеу жұмыстары қиынға соқты. Құтқарушылардың сұрауы бойынша Балқаш ЖЭС-нан су жіберу қарқыны азайтылды", - делінген rozysk__karaganda парақшасында.

30 мамыр күні судың түбіндегі жету қиынға соғатын жерге жетіп, оны шығарып алу мүмкін болған.

Кейіннен белгілі болғандай, нәрестенің денесі темірбетон құрылымдарының астында пайда болған саңылауда қысылып, Балқаш ЖЭС коллекторының шыға берісінде бетон сынықтарының астында көміліп қалған.

Өзгелердің жаңалығы