2009 жылға дейін тойлап, одан кейін Республика күнін неге алып тастадық?

25 Қазан 2022, 18:25
11873
Бөлісу:
2009 жылға дейін тойлап, одан кейін Республика күнін неге алып тастадық?

Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

1990 жылы 25 қазанда алғаш рет мемлекетіміз Тәуелсіздік декларациясын қабылдады. Жалпы, бүгінгі егемен еліміздің ең бірінші әрі ең маңызды қадамы жасалды. Айтарлықтай оқиғаны халық қуана-қуана қабылдады. Ол «тәуелсіздік» деген ұғым әлі басымызға кірмей жатқан кезең еді. Әйтсе де, сондағы жасалған қадам – жауапкершілікті арқалаған, орны ерекше шешім. Бұл – қоғам үшін, ел үшін өте керемет жаңалық болды, - деп атап өтті композитор. 

Айтуынша, осылайша, тәуелсіздіктің бірінші іргетасы қаланған. Сондай-ақ ол 2009 жылға дейін тойланған мерекенің кейіннен неліктен тойланбай кеткеніне тоқталды.

Жасыратыны жоқ, көзқарасымыз басқашалау болды. Әуел бастан Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан болып қабылданғаннан кейін солай шешілді. Уақыттың сұранысы қарай солай қабылданды. Бірақ әйтсе де Республика күні деп республикалық деңгейде болмаса да, өте маңызды күн ретінде аталып өтілді. Ал биылдан бастап оған Ұлттық мәртебе беру – өте дұрыс шешім, - деді өнер иесі.

Өзгелердің жаңалығы