200 млн теңге. МӘСҚ және СҚ "Фармация". Сотқа дейінгі тергеу кімдерге жүргізілуде?

17 Шілде 2020, 15:56
2661
Бөлісу:
200 млн теңге. МӘСҚ және СҚ "Фармация". Сотқа дейінгі тергеу кімдерге жүргізілуде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Біржақсынов "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте сотқа дейінгі тергеу кімдерге қатысты жүргізілгенін айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі сатып алынатын қызметтің жоғары бағасы бойынша қаржыны жымқыру фактісі бойынша "Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына" қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу қызығушылығы негізінде ол жария етілмейді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша агенттік СҚ "Фармацияға" қатысты ішкі тергеуді бастады. Талдау кезінде компанияның құқықтық-нормативтік базасы мен басқару-ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша ел басшылығына жұмыс тиімділігін көтеру мен құрылымды оңтайландыру, әкімшілік шығынды қысқарту бойынша нақты ұсынымдар енгізіледі, - деді ол.

Ол атап өткендей, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатқан шаралар туралы айтты. 

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау ұйымының бұрынғы жетекшісі және №1 қалалық клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 52 млн теңгені жымқырды деген күдік бар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қала бойынша құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының жетекшісі мен өзге тұлғалардың құрылысқа бөлінген 200 млн теңгені жымқыруына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол өңірде Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қызметтің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы