Қазақстанның соңғы жаңалықтары

200-ге жуық сарбаз алғаш рет парашютпен секірді

Бүгiн, 21:13
227
Бөлісу:
 Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жыл басынан бері Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 300-ге жуық әскери қызметшісі парашютпен секірулер орындады. Оның ішінде мерзімді қызметтің 196 сарбазы секіруге алғаш рет жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Секірулер Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен Д-6 4-сериялы оқу-жаттығуға арналған парашют жүйелерімен жүзеге асырылды.

Парашюттік дайындық – десантшылар үшін жауынгерлік дайындықтың негізгі элементтерінің бірі әрі олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең. Ол жоғары дене дайындығын, психологиялық төзімділікті және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді.

Жеке құрам секірер алдында толық көлемде жерүсті даярлығынан өтті. Оған әуе десанты кешеніндегі жаттығулар, әуе кемесінен шығу тәртібі, әуеде парашютті басқару және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды пысықтау кірді. Әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен даярлық деңгейі тексерілгеннен кейін ғана парашютпен секіруге жіберілді.

32363 әскери бөлімі әуе-десанты даярлығы бөлімінің аға офицері гвардия майоры Данияр Әбдірахмановтың айтуынша, жеке құрам көзделген іс-шараларды толық орындап, қойылған тапсырмаларды сәтті орындап шыққан.

Тікұшаққа мінер алдында қауіпсіздік шаралары мен секіру кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша қосымша нұсқаулық өткізілді. Жерге қонғаннан кейін әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық жоспары аясында жергілікті жерде тактикалық міндеттерді орындауға кірісті.

Өзгелердің жаңалығы