Қазақстанның соңғы жаңалықтары

20 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

19 Тамыз 2025, 20:02
775
Бөлісу:
 Unsplash
Фото: Unsplash

Синоптиктер Қазақстанда 2025 жылғы 20 тамызда, сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, республиканың батысы, оңтүстігі және шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлеріне әсерін сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, батыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады, - делінген болжамда.

Өзгелердің жаңалығы