20 сәуірде карантинге жабылған бірқатар мекеме ашылады

13 Сәуір 2020, 19:19
1957
Бөлісу:
20 сәуірде карантинге жабылған бірқатар мекеме ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаларында бірқатар экономикалық сектор ашылады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Өздеріңіз білесіздер, 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының бірқатар экономикалық секторлары қалыптқа келтіріледі. Олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады. Журналистер мен жекелеген азаматтардан көптеген сұрақ түсіп жатқан соң, жұмысын жалғастыратын секторлар туралы жалпы ақпарат бергіміз келіп отыр. Аталған өзгеріс Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір уақытта енгізіледі. Екі қалада жұмыс процесінде айырмашылық болуы мүмкін. Оның себебі- осы қалалардың эпидемологиялық жағдайының және экономикалық айырмашылығына байланысты, - дейді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, сондықтан барлық ньюанстарды әкімдіктер тұрғындарға алдын ала хабарлап, түсіндіндіріп отырады.
Екіншіден карантин талаптарының өзгерісі бірден емес, кезең кезеңімен жүзеге асырылады. Әр кезеңде денсаулық министрлігінің қорытындысы есепке алынады. Қазір тек бірінші кезең сөз болуда. Бұл кезеңде ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қоылады. Мұндай кәсіпорындарда санитарлық нормаларды сақтау бойына арнайы протоколдар дайындалады, оның орындалуы туралы арнайы тексерулер болады. Кәсіпорын талаптарды бұзса, қатаң шектеу шараларын қолданамыз, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы