«Қазгидромет» РМК 2022 жылғы 20 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атлантикалық циклон жырасының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінде жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың басым бөлігінде тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі сақталады, ҚР оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен болады.