20 млрд еуро: Венгрия Украинаға ақша бөлінуіне тосқауыл болды

Бүгiн, 15:54
376
Бөлісу:
20 млрд еуро: Венгрия Украинаға ақша бөлінуіне тосқауыл болды
Фото: pixabay.com

Еуропалық Одақ Украинаға 20 миллиард еуро көлеміндегі жаңа әскери көмек жоспарын әзірлеуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Politico баслымына сілтеме жасап.

Бұған Венгрияның оны саммит күн тәртібіне енгізуді бұғаттауы себеп болды.

Бастапқыда саммит қорытындыларының жобасында ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жетекшісі Кая Каллас ұсынған жаңа әскери көмек пакеті туралы ескерту болған.

Алайда, құжаттың жаңартылған нұсқасында бұл тармақ алынып тасталды.

Мұндай шешімге Венгрияның ветосы себеп болды. Бұл ел билігі Украинаға ауқымды қаржылай қолдау көрсетуге үнемі қарсы шығып келеді, бұл өз кезегінде ЕО-да шешім қабылдауды бірнеше рет қиындатқан еді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өз көмекшілеріне Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге тапсырма бергенін және Трамптың Қытайға қарсы саясаты елімізге әсер ете ме деген ақпаратты берген едік.

Өзгелердің жаңалығы