2 қазанға арналған ауа райы болжамы

2 қазанға арналған ауа райы болжамы
679

2 қазанда синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) түседі.

Республика бойынша кей жерлерде қатты жел тұрады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі, оңтүстікте  шаңды дауыл тұрады деп күтіледі... Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны -1...-3 градус суықты көрсетеді, – делінген хабарламада.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы