2 қазанда синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) түседі.
Республика бойынша кей жерлерде қатты жел тұрады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп күтіледі... Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны -1...-3 градус суықты көрсетеді, – делінген хабарламада.