2 мыңнан астам қарағандылық МСҚ-ның мобильді қосымшасын орнатқан

28 Қазан 2020, 16:14
1229
Бөлісу:
2 мыңнан астам қарағандылық МСҚ-ның мобильді қосымшасын орнатқан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың ақпанында іске қосылған Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын қазіргі уақытта Қарағанды облысының 2,2 мың тұрғыны қолданады.

Медициналық сақтандыру қорының тұрғындармен байланысының тағы бір платформасына айналған қосымша арқылы қарағандылықтар уақытша статусын алып, көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына пікір білдіріре алады.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында іске қосылған мобильді қосымшаны 10 ай ішінде 2,2 мың облыс тұрғыны ұялы телефондарына орнатқан. Жеңілдіктер категориясына жататын азамат қандай да бір себеппен сақтандырылмаған болса, аталған қосымша арқылы уақытша статусына өтуге өтініш қалдыра алады. Ол үшін мобильді қосымшаны жүктегеннен кейін тіркеуден өту қажет. Сонымен қатар, азамат жеңілдік категориясына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесін тіркеуі керек. Ал қорға қандай да бір шағым жасағыңыз немесе кеңес алғыңыз келсе, «бізге жазыңыз» батырмасын басып, аймақты, медицина мекемесін таңдап, қандай себеппен хабарлама қалдырғыңыз келетіндігін жазасыз, - дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облыстық филиалының маманы Жанар Ракишева.

Оның айтуынша, Qoldau-24/7 қосымшасында медициналық ұйымның қызметіне шағым қалдырып, не болмаса алғыс та білдіруге болады. 

Мобильді қосымша арқылы тұрғындар медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқық бұзушылықты хабарлап, сақтандыру мәртебесі жайлы кеңес алып, жарнаны төлеудің жолдары жайлы ақпарат алу мүмкіндігіне ие және сақтандыру жүйесінің басқа да мәселелері бойынша сұрақтарға жауап ала алады, - деді Ж.Ракишева.



Өзгелердің жаңалығы