Ағаш отырғызу барысын бақылау мақсатында интерактивті карта әзірленеді

21 Шілде 2021, 21:04
1506
Бөлісу:
Ағаш отырғызу барысын бақылау мақсатында интерактивті карта әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырды. 

Жоғарыда көрсетілген тапсырманы іске асыру мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭГТРМ)  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы мәселені пысықтады.

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК тапсырысы бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жұмыс барысын мониторингтеу үшін интерактивті картасын әзірлеуде. 

Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлға, қоғамдық ұйым және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты қадағалап, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жолдай алады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы