Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбейінді аурухананың есігі 17, 22 сәуірде және 6 мамырда ашық болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары тұрғылықты мекенжайы және тіркелген емдеу мекемесіне қарамастан, Рысқұлов көшесі, 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан жаңа емдеу-диагностикалық орталықта дәрігерлердің кеңесін ала алады.«Қабылдауды терапевт, невропатолог, акушер-гинеколог, гинеколог-эндокринолог, уролог, уроандролог, ревматолог, отоларинголог, неонатолог, хирург, реабилитолог, окулист дәрігерлері жүргізеді», - делінген хабарламада.
Дәрігерлер тұрғындарды сағат 8:00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.