2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

1 Ақпан 2019, 11:49
2948
Бөлісу:
2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер ақпан айының басы аязды және қарлы болады деп болжайды.

Температураның жоғарылауын, сондай-ақ республиканың басым облыстарында қар жауу және бұрқасын тудырған оңтүстік циклоны Алтайға қарай жылжыды.

Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады.

Өзгелердің жаңалығы