190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті елімізге экстрадицияланды

19 Наурыз 2019, 15:15
2028
Бөлісу:
190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті елімізге экстрадицияланды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның сайты хабарлады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында 190 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Тергеу болжамына сәйкес, аталған қылмысты жасаудың қылмыстық схемасын тұлғалар тобында Қарағанды қаласындағы «ПромСтройИндустрия LTD» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры бола тұра, алдын ала сөз байласып жасаған.

Әрекет жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Эдуард Маслов Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

Өзгелердің жаңалығы