19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

19 Қыркүйек 2022, 09:19
972
Бөлісу:
19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ синоптиктер болжамына сілтеме жасап. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда найзағаймен жаңбыр жауады. ҚР бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде – шаңды дауыл, шығысында түнде және таңертең – тұман күтіледі. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында,  Атырау облысының оңтүстігінде,  Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады. 

Астанада: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады. 

Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады. 

Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы