Қызылорда облысында 19 киікті тасымалдаған төрт қызылордалық қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында тіркелмеген қару, прожектор, 2 дана PUXING үлгідегі рациялары, арқан жіп табылған.
Автокөлік тіркемесіне қарап-тексеру барысында, 19 киіктің өлі денелері анықталды. Осы факт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Күдіктілерге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.