19 қазан – Қазақстан құтқарушылары күні

19 Қазан 2020, 12:56
2724
Бөлісу:
19 қазан – Қазақстан құтқарушылары күні
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында мерекенің шығу тарихымен бөлісті.

«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 жарлығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және елдің азаматтық қорғанысы саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

19 қазан – Қазақстан құтқарушылары күні

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні.

2020 жылғы 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толды. Ширек ғасырда елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда: заңнаманы қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын сатып алу, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт сөндіру-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ қызметінің сандық деректері

Министрліктің қызметінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыс ерекше маңызды болып табылады. Құрамына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, ұшқыштар кіретін қызметкерлер төтенше жағдайларды жояды, өрттерді сөндіреді, адамдар мен мүлікті құтқарады.

ТЖ қызметтерінің жұмыс істеген жылдары (1995-2020 жылдар аралығында) төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 млн 353 мыңнан астам шығу жасалды. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды. 334 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ тіркеледі. Оның ішінде 15 мың өрт орын алды. ТЖ аймағынан құтқарушылар 8 мың азаматты құтқарады. 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды. 4,5 мың зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі.

2020 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелері өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарына 53 мың шығуды жүзеге асырды. 11 мың адам құтқарылды. ТЖ аймағынан 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 3 мың зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

19 қазан – Қазақстан құтқарушылары күні

15 жылда республикада құтқару қызметтері үшін 31 объект салынды

Өрт-құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында соңғы 15 жылда республикада құтқару қызметтері үшін 31 объект салынды, оның ішінде 23 өрт сөндіру депосы және 8 құтқару станциясы бар.

Бюджеттің әр түрлі деңгейлерінен қаржыландыруға көшумен материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері нығайтылды. Өрт техникасымен және құтқару жабдығымен жарақтану көрсеткіштері іс жүзінде 50%-ға дейін ұлғайтылды. Жарақтандыруды арттыру бойынша тиісті жол картасы қабылданды. 1,5 мыңнан астам түрлі техника мен 20 мыңнан астам өрт-құтқару жабдығы мен жарақтары сатып алынды. Өрт сөндіру және адамдарды құтқару бойынша инновациялық технологиялары бар өрт сөндіру-құтқару техникасы мен жабдықтары қарулануға қабылданды.

19 қазан – Қазақстан құтқарушылары күні

Құтқарушы – бұл ең алдымен адамдарды көмекке және құтқару ісінде өз өмірін қатерге тігуге әзір, төзімді, батыл, психологиялық тұрғыдан тұрақты, қазіргі жағдайды бірден бағалай білуге және оған сәйкес әрекет етуге, команда құрамында жұмыс істеуге қабілетті адам.

Құтқарушы мамандығы біздің еліміз үшін өте жас, ең қаһарман және қазақстандық қоғамда керемет танымалдыққа ие болып, өзінің қажеттілігін дәлелдей алды. Бүгінгі таңда «құтқарушы» мамандығы асыл мамандықтардың бірі. Құтқарушылардың ерліктері назардан тыс қалмайды, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы