19-дың орнына 40. Балаларды тасымалдау кезінде бұзушылықтар анықталды

23 Мамыр 2024, 11:39
534
Бөлісу:
19-дың орнына 40. Балаларды тасымалдау кезінде бұзушылықтар анықталды
Фото: pixabay.com

Түркістан қаласының прокурорлары балаларды тасымалдау кезінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан қаласының прокуратурасы полициямен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау және оларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету бағытында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді.

Ағымдағы жылғы 16 мамырда өткізілген іс-шаралар барысында 2 жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдау кезінде бұзушылықтар анықталды.

Осылайша, рұқсат етілген 19 жолаушы нормасының орнына жүргізуші бір уақытта 40 баланы тасымалдаған, яғни нормадан екі есе жоғары және қауіпсіздік талаптарын сақтамаған.

Басқа да мағыналас бұзушылықтар анықталып, жүргізушілерге қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды және көлік құралдары тұраққа қойылды.

Осындай бұзушылықтарды болдырмау және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы