Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның оңтүстік-батысында қатты лай көшкіні орын алған. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 19-ға жетті. Бұл туралы "Хабар 24" жазды.
Бұған дейін 14 адамның мерт болғаны хабарланған.Росас қаласында табиғат апатынан тағы 5 адам жарақат алған.
Аймақтағы тасжолдарда көлік қатынасы тежелді. Лай көшкіні 8 баспананы басып қалған.
Апат болған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Ел президенті Иван Дуке апаттан ажал құшқандардың отбасыларына көңіл айтты.