Қазақстанда көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан ай сайын жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері отбасыдағы бала санына байланысты өзгеріп отырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізгі жәрдемақы:
Егер отбасында 10 бала болса, әр балаға 15 728 теңгеден есептегенде: 157 280 теңге (10 × 15 728).
Қосымша төлемдер: Көпбалалы аналарға берілетін арнайы марапаттарға байланысты қосымша жәрдемақы қарастырылған:
- «Алтын алқа» иегері – 29 097 теңге.
- «Күміс алқа» иегері – 25 165 теңге.
Жалпы есеп:
Егер ана «Алтын алқа» иегері болса: 186 377 теңге (157 280 + 29 097).
Егер «Күміс алқа» иегері болса: 182 445 теңге (157 280 + 25 165).
Осылайша 10 баласы бар ана 186 мың теңгеге дейін жәрдемақы ала алады.
Оқи отырыңыз: