18 жасында өз хостелін ашқан жас кәсіпкер

2 Қараша 2019, 09:31
4512
Бөлісу:
18 жасында өз хостелін ашқан жас кәсіпкер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында өзінің хостелін ашқан Ерали Билеш былтырдан бері отыз адамды баспанамен қамтамасыз етіп отыр.

19 жастағы жас кәсіпкер бұған дейін "Бизнес бастау" кәсіпкерлікке оқыту курсына қатысып, өзінің бизнес-жоспарын әзірлегенін айтады.
"17 жасымда "Бизнес бастау" оқыту курсына қатысып, кәсіпкерлікті жүргізу бойынша теориялық білім алдым. Сондай-ақ ондағы байқауларға қатысып, өзімнің бизнес-жоспарымды әзірледім. Бұл курс мен үшін үлкен тәжірибе болды", - дейді ол.

Ерали бұл өзінің алғашқы кәсібі екенін және Нұр-Сұлтан қаласында 30 адамды баспанамен қамтамасыз етіп отырғанын айтады.
Хостелімде 2, 3 және төрт, тіптен алты адамдық бөлмелер бар. Бағасы жағынан менің хостелім қала бойынша нағыз суденттердің қалтасы көтеретін мөлшерде. Орташа есеппен екі орынды бөлме айына 50 мың теңгеге шығады. Яғни студенттер үшін бір адамға 25 мың, ал ересектер үшін 35 мың теңгеден айналады. Студенттерге жеңілдік қарастырылған, сондықтан негізгі клиенттерім де солар. Әсіресе "Тұран", Еуразиялық университет пен медициналық университеттің студенттері тұрады, - дейді ол.

Жас кәсіпкер хостелі негізінен студенттерге бағытталғанын айтады.
Мені өзім Еуразиялық университеттің студентімін. Оқып жүргенде көптеген студенттердің жатақханадан орын таппай қиналғанын көріп жүрдім. Елбасының өзі де бұған дейін қалада жастарға арналған орынның жетіспейтінін айтып, университеттер жанынан хостелдерді дамыту қажеттігін айтқан. 15 мыңдай елордалық студент тұрғылықты орынға мұқтаж екен. Бұған дейін хостелдер қала әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеген кездері де болды. Егер мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында қандай да бір жобалар болса қуана қатысар едім, - дейді ол.

Сөз арасында ол келесі жылдан бастап хостелін кеңейткісі келетінін және осы бағытта кәсіпкерлерге арналған байқауларға, жеңілдігі бар несиеге тапсырыс беруді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Хостелдің жанынан демалыс аймағын ашқым келеді. Қазірден екі асхана мен бір кондитерлік мекемемен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Яғни, мұнда тұратындар алдағы уақытта жеңілдігі бар бағамен тамаққа тапсырыс беретін болады, - дейді ол.
 
Ералидің айтуынша, хостелде бейнебақылау камералары орнатылған және тегін WIFI бар. Сонымен қатар, шағын кітапхана ашқан, онда төрт жүзден аса кітап қойылған. Жеке демалыс бөлмесі де қарастырылған және жалпыға ортақ ас үйі бар. Әр бөлмеде жуынатын орындары тағы бар, яғни тұрғындар үшін бар жағдай жасалған.
Хостел ашу идеясы бұрыннан ойымда жүрген. 14 жасымда теледидардан хостел ашқан жас кәсіпкер жөніндегі бағдарламаны көріп қалдым. Ол 20 жасында миллионер атанған екен, осы жағдай мені қатты қызықтырып, жігерлендіре түсті. Осылайша 18 жасымда мен де өз хостелімді аштым, - дейді Е.Билеш.

Сөз арасында ол Нұр-Сұлтан қаласында хостелдердің шағын қауымдастығы бар екенін, онда бір-бірімізбен байланысып, қандайда бір сұрақтар болса бір-біріне көмектесіп тұратындарын айтты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда елімізде 14-29 жас аралығында 3,9 млн адам бар. 2019 жылдың ІІ тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7% немесе 811,1 мың адамды құраған.

Сонымен қатар, 2180,4 мың экономикалық белсенді адам тіркелген, оның 2099,2 мың жұмыспен қамтылған. Жұмыс істейтін жастардың 1613-і, яғни 76,8% жалданып жұмыс істейтіндер екен. Ал 486,2 мыңы өзін жұмыспен қамтып отырғандар.

Жұмыс істейтіндердің 388,8 мыңы бөлшек және көтерме сауда саласында еңбектеніп жатыр, ал 253,1 мыңы автокөлік жөндеумен, 239,7 мың ауыл шаруашылығында еңбектеніп жүр. Сондай-ақ 218 мыңдай жас өндіріс саласында жұмыс істейді.

Осы жылдың ІІ тоқсанындағы жағдай бойынша жұмыссыз жүрген жастардың саны 62,4 мыңға жеткен. Мемлекет тарапынан еңбек нарығын дамыту мен халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында қосымша шаралар қолданылып жатыр, оның ішініде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасын атауға болады.

2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысқан жастардың үлесі 35,7% құраған. Бағдарламаның басты міндеті еңбек нарығында сұранысқа қажетті кәсіби білікті мамандарды дайындау.

Ал, кәсіпкерлік негшіздерін оқытатын "Бизнес бастау" жобасы бойынша биыл 16,4 мың адам қамтылған, оның ішінде 15 мыңы оқуды толық аяқтаған. Сонымен қатар, 12,6 мың адам өздерінің бизнес-жоспарын әзірлеп, оның 4,7 мыңы микрокредит алған. Тағы 1,9 мың мемлекет ұсынған гранттарға қол жеткізген.



Өзгелердің жаңалығы