Нәтижесі қандай болса да, әркім дауыс беруге келу керек – 18 жастағы сайлаушы

9 Маусым 2019, 09:04
1365
Бөлісу:
Нәтижесі қандай болса да, әркім дауыс беруге келу керек – 18 жастағы сайлаушы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың №58 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беруге келгендер саны артып келеді.

Бүгін бірінші рет президенттік сайлауда өз таңдауын жасаған Демир Рамазанов өміріндегі маңызды қадам екенін айтты.

"Нәтижесі қандай болғанына қарамастан, әркім келіп дауыс беру керек деп ойлаймын. Нәтижесін әлі білмейміз. Дегенмен дауыс беруге келу керек. Мен өзім дауыс беруге алғаш рет келіп тұрмын. Дауыс беру - Қазақстанның әр азаматының, кез келген адамның өміріндегі маңызды қадам деп ойлаймын", - деді №58 учаскеге дауыс беруге келген 18 жастағы қала тұрғыны Демир Рамазанов.

Өзгелердің жаңалығы