18 жастағы сайлаушы Аяулым

19 Наурыз 2023, 09:07
1013
Бөлісу:
18 жастағы сайлаушы Аяулым
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Киелі Түркістан өңірінде қазіргі таңда 941 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды түрде басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің осы аймақтағы тілшісі.

Бұл жолғы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің додасы қызық болғалы тұр. Себебі 19 наурызға дейін әрбір үміткерлер арасындағы тартыс өте қызу түрде жүрді.  

Сағат таңғы жетіден басталған барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған. Облыс бойынша сайлаушылар саны 1 млн 168 мыңды құрайды. Түркістан облысы, Келес ауданындағы №329 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген 18 жастағы сайлаушы Аяулым Ахилова комиссия төрағасының қолынан арнайы сыйлыққа ие болды. Оның айтуынша, сайлауда өзінің мүмкіндігін қалт жібергісі келмеген және сыйлық аламын деп ойламаған.

18 жасқа толған әрбір қазақстандық осындай сайлау барысында ерінбей келіп, дауыс беру керек деп ойлаймын. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым және даусымның ұрланғанын қаламаймын. Себебі осы сайлаудан үлкен үміт пен жақсылық күтемін. Менен басқа да үлкен ақсақалдар, аудан тұрғындары шетінен келіп, дауыс беріп жатыр. Бірінші рет дауыс беріп тұрғандықтан ба ерекше толқып тұрғаным рас. Мұндай жауапты сәттерді Қазақстанның азаматшасы ретінде сезінуіміз керек, - деді жас сайлаушы.

18 жастағы сайлаушы Аяулым

Келес ауданы бойынша 19 сайлау округі мен 61 сайлау учаскесі дауыс берушілерге қызмет көрсетуге дайын. Ауданда 71441 адам дауыс беріп, өз таңдауларын жасай алады.

18 жастағы сайлаушы Аяулым

Еске сала кетсек, Түркістан облысы бойынша 1131 үміткер бағын сынауда. Оның ішінде 19 үміткер Парламент Мәжілісінен дәмелі. Алты партияның атынан 79 адам тіркелген. Бұл жолғы сайлау науқанына әйелдер де көптеп қатысқан, олардың саны – 124. 
Сайлау әділ әрі шынайы өтуі үшін сенімді өкілдер мен байқаушылар өз жұмысын мұқият жасауда.

Өзгелердің жаңалығы