18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады

14 Желтоқсан 2022, 13:48
1676
Бөлісу:
18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады

18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсіп тұрады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, Ұлттық қор – балаларға  жобасы 2024 жылдан бастап іске қосылады.

18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы – «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ болады, - деді ол.

Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады.

2023 жылы бастаманы іске асыру үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы