«Қазгидрометтің» болжамынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорын болжамына қарағанда, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар температура төмендейдейді. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігі, шығысы, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман түседі, түнде республиканың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.