Ресейдің Владимир қаласында 27 жастағы ер адам 18-ші қабаттан құлап, ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
NEWS.ru таратқан ақпаратқа сәйкес, ол аулада тұрған жеңіл автокөліктің үстіне құлаған.
Қаланың іздеу-құтқару отряды қызметінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Соққыдан көліктің әйнегі сынып, ал зардап шегуші салонның ішіне түскен.
Мұндай биіктіктен "секіруден" аман қалу – ғажайып, - дейді құтқарушылар.
Олар ер адамды автокөліктің ішінен жылдам шығарып алып, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алдын ала деректер бойынша, ер адам есірткіге мас күйінде құлаған болуы мүмкін.