Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 18 мамыр күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз және түнде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +10...+15°C, облыстың солтүстік-батысында +7°C, күндіз +20...+25°C, солтүстік-батыста +17°C.
Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарда +7°С, күндіз +26...+31°С, таулы аймақтарда +22°С. С.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, батыста +21°С, күндіз +26...+31°С, таулы аймақтарда +23°С.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ, жауады. Ауа температурасы түнде +5...+10°C, облыстың оңтүстігінде +13°C, күндіз +15...+20°C, облыстың оңтүстігінде +23°C.
Атырау облысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, күндіз +18...+23°С.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы түнде +13...+18°C, облыстың солтүстік-шығысында +9°C, күндіз +20...+25°C, оңтүстікте +28°C.
Ақтөбе облысының батысында түнде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте, батыста, облыс орталығында найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +5...+10°C, облыстың оңтүстігінде +13°C, күндіз +13...+18°C, оңтүстікте +22°C.
Түнде оңтүстікте, күндіз батыста, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, оңтүстікте +13°С, күндіз +17...+22°С, облыстың оңтүстігінде +25°С.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, көктайғақ, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, күндіз +17...+22°С.
Таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, Павлодар облысының орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +11...+16°С, күндіз +27...+32°С, солтүстікте +22°С.
Күндіз солтүстікте, оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, оңтүстікте +16°С, күндіз +22...+27°С, оңтүстікте +30°С.
Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +16...+21°C, таулы аймақтарда +12°C, күндіз +25...+30°C, таулы аймақтарда +22°C.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын болмайды.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +21...+23°С.
Алматыда синоптиктер көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжайды. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +27...+29°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, оның екпіні 8-13, 15-20 м/с. болады. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +26...+28°С.