Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ақмола облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы ықимал, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде күндіз дауыл, шаңды дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде дауыл болады.
Павлодар, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік сақталады.
Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.