18 ақпанға арналған ауа райы болжамы қандай

Ертең республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

 pexels.com 17 Ақпан 2026, 22:35
17 Ақпан 2026, 22:35
923
Фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 "Қазгидромет" мәліметінше, елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған қатысты атмосфералық фронттардың әсері басым болады.

Кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын түсіп, боран және көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде, антициклонның әсері сақталғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

Наверх