Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі іске асып келеді. Осы бағытта аймақтағы 175 ауылға ауыз су тартылады. Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтылды.
2019 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауылдарды сумен жабдықтаудың 22 жобасына 8,1 млрд теңге бағытталды. Б.Майлин ауданының Новоильиновка, Жітіқара ауданының Забеловка, Арқалық қаласының Восточное, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылды.
Бүгінде 175 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 24 ауылда жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл мақсатта 7,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 63,4%-ке дейін өседі, – деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.Сонымен қатар ауылдық жерлердегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында газдандыру жұмыстары жалғасуда. "ҚазМұнайГаз" ҰК арқылы 2016 жылдан бастап 40 мың адам тұратын 8 елді мекен газдандырылған. 2020 жылдың басында өңірге газ тарту деңгейі 56%-ды құрағандығы айтылған баяндамада.