17 жастағы жүргізуші 3 жолаушыны қағып кеткен, салдарынан 3 жасар бала көз жұмды

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші 3 адамды қағып кетті, салдарынан 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 Тамыз 2023 2023, 12:44
АВТОР
 скрин 3 Тамыз 2023 2023, 12:44
3 Тамыз 2023 2023, 12:44
934
Фото: скрин

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші 3 адамды қағып кетті, салдарынан 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмағанды қағып кеткен.

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Наверх