17 жастағы жігіт тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, жолаушысы ажал құшты

Қызылорда облысында 17 жастағы тұрғын жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Polisia.kz 4 Мамыр 2023 2023, 19:58
4 Мамыр 2023 2023, 19:58
1065
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында 17 жастағы тұрғын жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 мамыр Шиелі кентінде 17 жасар тұрғын Toyota автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, ЖКО жасаған. 

Жол апаты салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған үшеуі жарақат алды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, - деді Қызылорда облысы ПД Анықтау басқармасының бастығы Жамал-ад-Дин Назарбек.

Наверх