17 жастағы теннисші Қазақстан чемпионы атанды

Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды

 KTF 26 Шілде 2025 2025, 17:50
26 Шілде 2025 2025, 17:50
1081
Фото: KTF

Астанада теннистен ел біріншілігінің жекелей сындағы ересектер арасындағы финалдық кездесулер аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы қарағандылық Әмір Омарханов Теміртау теннис мектебінің өкілі Григорий Ломакинмен кездескен. Бірінші сетте Омарханов 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, кейін Ломакин арқа жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Осылайша, Әмір алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды, себебі оның қарсыласы Тимур Мауленов медициналық себептерге байланысты кездесуге шықпады.

Наверх