17 жастағы шахматшы төрт дүркін әлем чемпионын жеңіп кетті

Жас қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова Астанада өткен әйелдер құрамалары арасындағы турнирде сенсация жасап, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Сәуір 2023 2023, 10:15
АВТОР
 https://chessnews.info/ 20 Сәуір 2023 2023, 10:15
20 Сәуір 2023 2023, 10:15
1455
Фото: https://chessnews.info/

Жас қазақстандық шахматшы Астанада өткен әйелдер құрамалары арасындағы турнирде сенсация жасап, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдер арасындағы халықаралық шебер Меруерт Камалиденова төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифанды жеңді.

Ал құраманың тағы бір мүшесі Алуа Құрманова рапид пен блицтен әлем чемпионатының қола жүлдегері Савит Шриден (Үндістан) басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы әлем құрамасына 55:73 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін басқа шахматшымыз Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде сенсация жасаған еді.

Наверх