17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

26 Тамыз 2022, 16:00
917
Бөлісу:
17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр
PHOTO
Фото: Әлеуметтік желіден

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлытау халқымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлт ұясы Ұлытау өңіріне арнайы барып, топырағы текті мекеннің халқымен кездесу өткіздім. Өңір тұрғындарымен С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 2 сағатқа жуық сұхбаттастық. Министрлік атқарып жатқан жұмыс жайлы, жаңа жобаларымыз туралы айттым, сұрақтарға жауап бердім, - деп жазды министр.

17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

Ол ол жерде әлі де ашылмаған сырлар, зерттелмей жатқан бағзы кешендер өте көп екенін айтты.

Кездесуден соң күмбездері көкпен таласқан, ұлы қағандарымыздың киелі кесенелері саналатын Алаша хан мен Домбауылға, Жошы хан мазарына арнайы ат басын бұрдық. Үш жүздің басы қосылған, ел билеуші қағандарды ақ киізге көтеріп хан сайлаған киелі Хан ордасында болдық. Бергі тарихының өзі Алтын Ордамен тамырлас, арғы тарихы ежелгі қола, тас дәуірлерімен үндес Ұлы дала төсінде әлі де ашылмаған сырлар, зерттелмей жатқан бағзы кешендер өте көп, - деді ол.

17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

Өңірдің жалпы тарихи-мәдени мұрасы 300-ден астам ескерткішті қамтиды.

Олардың басым бөлігі «Ұлытау» музей-қорығының тарихи-мәдени картасына енгізілген. Болашақта сол барлық тарихи нысан жан-жақты толық зерделеніп, жас ұрпақ оларды зор қызығушылықпен оқып өсуі қажет. Біздің тарих – осындай құнды жәдігерлеріміздің бізге жаңғыртып жеткен үні. Оны қастерлеу, қорғау, тану, әлемге таныстыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Аудан орталығындағы Ұлытау визит-орталығы да осы мақсатта ашылғанын білесіздер, - деп жазды министр.

17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

Министр  17 мыңнан астам экспонаты бар ғибартты ғимаратты әлі де кеңінен насихаттауымыз керек деді.

Одан әрі Жезді кентінде орналасқан Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайына арнайы соқтық. Аталған музей жәдігерлерінің құндылығы жөнінен Орта Азия, ТМД елдеріндегі бірден бір орталық деуге болады. Алайда 17 мыңнан астам экспонаты бар ғибартты ғимаратты әлі де кеңінен насихаттауымыз керек, - деді ол.

17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

Ол бүкіл әлем қызығып тамашалауға тұрарлық тарихи жәдігерлерді халықаралық туризм тармақтарына қосу жұмыстарын жеделдету қажет екенін айтты.

17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

Сапарымыздың келесі күні Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде, «Намыс» балалар мен жасөспірімдер спорт академиясында жалғасты. 52 мыңға жуық жәдігер жиналған мұражай өзіндік ерекшелігімен келушілерге есігін айқара ашуда. Ал «Намыс» спорт академиясы болашақта бой көтерер жаңа ғимаратының құрылысымен таныстырды. Бүкіл әлем қызығып тамашалауға тұрарлық тарихи жәдігерлерімізді халықаралық туризм тармақтарына қосу жұмыстарын жеделдетуіміз қажет. Туристік маршрут жасап, инфраструктураға көптеп көңіл бөлсек, шетелдік туристер бұл мекенге жыл он екі ай келетін болады. Әзірге жердің шалғайлығы, жолдың жайсыздығы кедергі болып тұрғанын жасырмауымыз керек, - деді Дәурен Абаев.

17 мыңнан астам экспонаты бар ғимаратты кеңінен насихаттауымыз керек – министр

Министр халық саны азайып бара жатқан шалғай өңірлердің тамырына қан жүгірту керек екенін айтты.

Кездесу барысында ұлытаулықтар түйіні шешілмеген түйткілді сұрақтардың көп екенін әр сауалдарында айтып отырды. Айталық, өңірдің футбол командасын құру, облыс орталығына жаңа бассейн салу, елді мекендерде мәдениет үйлерін ашу, мектеп оқушыларын жаз айларында тынығатын демалыс орындарымен қамтамасыз ету сияқты өте өзекті сұрақтар шынымен қордаланып қалған. Біз өз тарапымыздан әр сұрақтың оң шешілуіне жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндадық. Кей сауалдарды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жобалауға болатынын жеткіздік. Мемлекет басшысының жаңа облыс құрудағы басты мақсатының бірі де сол – осындай Жезқазған, Сәтбаев сияқты жылдан-жылға әлеуеті әлсіреп, халық саны азайып бара жатқан шалғай өңірлердің тамырына қан жүгірту, маңызды мәселелерді уақыт оздырмай шешу, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы