17 ЖҚС дизель отынына бағаны келісіп қойып алған деп күдіктелуде

10 Шілде 2021, 10:01
6162
Бөлісу:
17  ЖҚС дизель отынына бағаны келісіп қойып алған деп күдіктелуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы бағаларға жүргізген мониторинг аясында  монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін  – Қазақстанның 7 өңіріндегі дизель отынын  бірқатар бөлшектеп сатушыларының бағалық сөз байласуын анықтады.

Нәтижесінде, 2021 жылдың 3 шілдесінде дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге – Жамбыл облысында («Эврика нефтепродукт» ЖШС, «Бизнес Ойл» ЖШС, «Тараз VIP сервис» ЖШС, «Тараз Петрол Сервис» ЖШС, ЖК «Нұров», ЖК «Мухиев»,»Газпромнефть Қазақстан» ЖШС ), Қызылорда облысында («Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС), Шымкентте («Газпромнефть Қазақстан» ЖШС), Нұр-Сұлтанда («Бизнес Петролеум» ЖШС, «Ойл» ЖШС, «Аурика» ЖШС, «Асқар» ЖШС, «Номад» ЖҚС ЖШС, «Gas Energy» ЖШС, «Газпромнефть Қазақстан» ЖШС), Алматыда («Royal Petrol» ЖШС, «Газпромнефть Қазақстан» ЖШС), Алматы облысында («Газпромнефть Казақстан» ЖШС), Түркістан облысында («ТС» ЖШС және «МИГ» ЖШС) БҚДА аумақтық бөлімшелері бағаны төмендету арқылы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерін жою туралы 17 хабарлама шығарды.

 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылдың 30 сәуірінде Қазақстанның 4 өңірінде (Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында) 14 ЖМҚС әрекеттерінде АИ-92 бензинін сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері байқалған. Барлық хабарламалар орындалды.

Өзгелердің жаңалығы