Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қарашада респуликаның шығыс бөлігіне циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен бұрқасын болып, қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ал батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Республиканың кей жерінде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында тұман болады.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерде жаяу бұрқасын, тұман.
Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Маңғыстау, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында – тұман.