16 желтоқсан: Қазақстан Тәуелсіздігіне 28 жыл

16 Желтоқсан 2019, 09:08
16784
Бөлісу:
16 желтоқсан: Қазақстан Тәуелсіздігіне 28 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1991 жылдың 16 желтоқсанында  ҚР-ның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы" Заңға қол қойған болатын. Міне, биыл сол тәуелсіздігіимізге, азат мемлекет болғанымызға 28 жыл толып отыр.

1986 жылдың 16-17 желтоқсанында қазақ жастарының сол кездегі жүйеге қарсы тұруымен, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманымен жеркен тәуелсіздік таңы бүгін ұрпаққа берілген аманат. Сол себерті де 16 желтоқсан еліміз үшін ең қадірлі мереке. Бұл күні мемлекетіміздің барлық аймақтарында мерекелік-мәдени іс-шаралар өтеді.

1991 жылы Тәуелсіздігін күллі әлемге жариялағанда ең алғаш болып түбі бір, қаны, діні, тілі бір Түркия мемлекеті мойындады. Артынша АҚШ, Қытай, Ұлыбритания секілді әлемнің алпауыттары да елімізді таныды.

Кезінде ешкім танымайтын, таныса да Ресейдің бір бөлігі деп қана білетін Қазақстанды бүгінде күллі әлем халықтары экономикасы дамыған, бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы бар мемлекет деп білетін дәрежеге жетті.

Еліміз әлем елдеріне тыныштықтың, бірліктің, бейбітшіліктің символы бола алды.


Өзгелердің жаңалығы