Еліміздің 16 өңірінде су тасқынына дайындық аясында жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 400-ге жуық бөгет жөнделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктер мен бірлесіп іске асырып жатыр.
Сондай-ақ аталған мемлекеттік органдардағы әріптестерімізбен бірге 6 облыстың 84 елдімекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деп айтылды Су тасқыны кезеңіне дайындық тақырыбында өткен жиында.
Бұл Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Бұл жұмыс 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.