Анкарадағы кітап жәрмеңкесіне еліміз мәртебелі қонақ ретінде шақырылды

23 Қазан 2021, 18:41
16015
Бөлісу:
Анкарадағы кітап жәрмеңкесіне еліміз мәртебелі қонақ ретінде шақырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда осымен 16-шы мәрте өткізіліп жатқан Анкара кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Аталған жәрмеңкеге Қазақстан «қонақ ел» ретінде қатысып жатыр.

Игі шараға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоп, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Түркия-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Мехмет Али Жевхери, Құрметті шетелдік жазушы ретінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, белгілі жазушы Нұрғали Ораз, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте лауреаты Бауыржан Қарағызұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңесшісі, жазушы, аудармашы Мәлік Отарбаев, Ұлттық құрметті қонақ Фейза Хепчилингирлер, көрмені ұйымдастырушы «Eylül» көрмесінің Басқарма төрағасы Ремзи Чайыр, Түркия Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Али Одабашы, шетел дипломаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты.Айта кететін жайт, «Eylül» жәрмеңкесі Түркиядағы ең үлкен жәрмеңкелердің бірі болып саналады.

«Eylül» көрмесінің Басқарма төрағасы, тілші, жазушы Ремзи Чайырдың айтуынша, Түркияның көптеген қалаларында ұйымдастырған кітап жәрмеңкелерінің арқасында елдегі жастар кітап оқуға дағдыланады.

Виктор Гюго: «Адам неғұрлым көп оқыса, соғұрлым өсетінін білу керек. Кітап - ішіміздегі тоңған теңізге түсірілген балта» деп тегін айтпаған. Бүкіл дүниежүзі қазіргі таңда қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Бұл үрдістің барлығына материалдық жағынан да, рухани жағынан да әсер етті, - деді Ремзи Чайыр.

Халықаралық Анкара кітап жәрмеңкесіне Қазақстанның құрметті қонақ ретінде шақырылуын ерекше атауға болатынын айтты. Ал әлемді жайлаған індет пандемиясы басталмас бұрын кітап жәрмеңкесіне 450 мыңнан аса келушілер тіркелген екен.Ұлттық құрметті қонақ Фейза Хепчилингирлер өз сөзінде бауырлас Қазақстан мемлекетін 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Осындай іс-шараларадың Соңғы мәлімет бойынша Кітап жәрмеңкесіне келушілердің саны 71 250 адамнан асқанү. онымен қатар, ол 2020-2021 жылдары Түркияда 85 мыңнан аса кітап түрлері басылып шығып, жарияланғанын атап өтті.

Анкараның «ATO Congresium» көрме орталығында өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне Түркияның 300-ден астам ірі баспа үйі, баспаханалар мен жарнама агенттіктері қатысуда. Ұйымдастыруышылар биылғы Анкара кітап жәрмеңкесіне келушілердің саны 350 мыңнан асады деп болжанып отыр.

Анкара кітап жәрмеңкесі 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және жылына екі рет өткізіледі. Осы уақытқа дейін Италия, Франция, Иран және Ресей елдері көрмеге «қонақ мемлекет» мәртебесінде қатысқан.

Өзгелердің жаңалығы