Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атлантикалық циклонмен байланысты болатын оңтүстік циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклонының сілемдері бұзылады, бұл Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына алып келеді.
Демалыс күндері және дүйсенбі күні республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран соғып, батыстан күшті жел соғады.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын болып, жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ болады.
Қазақстанның барлық аумағында тұман түседі. Ауа температурасы климаттық нормадан 2...5 градусқа жоғары болады.