Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

<h4>Астана,&nbsp;BAQ.KZ.&nbsp;"Қазгидромет" РМК мамандары cейсенбі күні қай қалада&nbsp;ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.</h4>

15 Қаңтар 2019 2019, 08:35
 15 Қаңтар 2019 2019, 08:35
15 Қаңтар 2019 2019, 08:35
2199

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары cейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.


"2019 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Ақтөбе қаласында күтіледі", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх