Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин талаптарын бұзғандарға жыл басынан бері 159 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
800-ден астам азамат пен бизнес нысан әкімшілік жауапқа тартылған.
Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлер көбіне бекітілген жұмыс тәртібін бұзады. Яғни, нысанға рұқсат етілген нормадан көп адамды кіргізеді немесе қызметкерлері карантин талаптарын сақтамайды. Осындай салғырттық кесірінен елордада эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Мониторинг тобы күндіз-түні тексеру жүргізгенімен, ереже бұзғандар саны азаяр емес.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта. 18 маусымдағы дерек бойынша астанада бір тәулікте 1419 адам коронавирус індетін жұқтырса, 1077 адам қатерлі індеттен жазылып шыққан.