157 мыңнан астам астаналық тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

28 Сәуір 2023, 18:50
1466
Бөлісу:
157 мыңнан астам астаналық тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды
Фото: Астана қаласының коммуникациялар қызметі

2022 жылы Астана қаласы бойынша жалпы сомасы 18,7 млрд теңгеге теңгеге 157 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Елорда тұрғындарын амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Фатима Смагулова брифинг өткізді.

Ал 2021 жылы жалпы сомасы 14,5 млрд теңгеге 178,5 мың азаматқатегін дәрі-дәрмек берілген болатын. Жыл сайын амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат көлемі артып келеді, биылғы жылға 19,3 млрд теңгеге өтінім берілді.

Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 49 нозология қамтамасыз етіледі. Тізімге бірқатар әлеуметтік маңызы бар аурулар, оның ішінде қан айналымы жүйесінің, тыныс алу, ас қорыту органдарының аурулары, қан аурулары, эндокриндік жүйе, тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер тінінің аурулары, неоплазмалар, ағзалар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жай-күй, несеп-жыныс аурулары енгізілген, - делінген хабарламада.

Ересектерге арналған МӘМС жүйесінде атеросклероз, отит, ринит, синусит, пневмония, кератит, глаукома, артрит, артроз, псориаз, эндометриоз, қуық асты безінің гиперплазиясы, несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары және басқалары сияқты 24 ауру кезінде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.18 жасқа дейінгі балаларға арналған жүйеде 48 ауру, соның ішінде ЖРВИ, пневмония, ринит, эндокардит және т.б. бар. Аталмыш тізіммен толығырақ төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885#z47. Препараттарды тізімге сәйкес сатып алу бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының атына ұсынылған медициналық ұйымдардың өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Медициналық ұйымдар өз қажеттіліктерін диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің атаулары, жеткізу көлемі мен кестесі бойынша анықтайды.

Осы өтінімдерге сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС сатып алуды және жеткізуді жүзеге асырады. ҚР-да дәрілік заттарды рецепт бойынша өткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген рецепттерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі.

Дәрі-дәрмектің тағайындалуы, дозасы және мөлшерін емдеуші дәрігер анықтайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпарат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беріледі – www.fms.kz. содан кейін Қор тізімдерді салыстырып тексереді және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгендер үшін төлем жасайды.

Астана қаласы әкімдігінің iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы елорда тұрғындарын амбулаториялық дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты өтініштер қабылдайды.

Сонымен қатар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қадағалау үшін «СК-Фармция» ЖШС-де 1439 қысқа нөмірі бар байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол халықтан дәрілерді жеткізу барысында туындаған қиындықтар туралы барлық деректерді жинақтайды, тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері мен күндері туралы ақпарат береді. Барлық қоңыраулар тегін, қалалық және ұялы телефондар үшін қол жетімді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультацияны 1406 нөмірі бойынша алуға болады. Қазақстанның барлық аумағында ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Өзгелердің жаңалығы