155 км/сағ жылдамдық: Петропавлда танымал блогерге ірі айыппұл салынды

Петропавлда блогер Karamba 155 км/сағ жылдамдықпен жүргені үшін айыппұл арқалады.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 16:26
Бүгiн 2026, 16:26
92
Фото: видеодан алынған кадр

Петропавлда танымал блогер Кирилл Асташкин (Karamba) жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды. Блогер түсірген ролик бастапқыда автокөлікке арналған шумоизоляцияны жарнамалау үшін жасалғанымен, көпшілік назарын өнім емес, оның жоғары жылдамдықпен жүргені аудартқан.

155 км/сағ жылдамдықпен жүрген

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 25 жастағы Петропавл тұрғыны Jetour маркалы автокөлікпен Челябинск – Новосибирск тасжолының 631-шақырымында белгіленген 100 км/сағ жылдамдықтың орнына 155 км/сағ-қа дейін үдеген.

Осылайша, жүргізуші жылдамдықты 51 км/сағ-қа асырып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 90 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция видеоны әлеуметтік желіден байқаған

Тәртіп бұзушылық блогердің өз парақшасында жариялаған видеосынан кейін анықталған. Полиция қызметкерлері роликке назар аударып, құқық бұзушылықты тіркеген.

Сондай-ақ жүргізушімен жол ережесін сақтаудың маңызы туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Бұған дейін де жауапқа тартылған

Айта кетейік, Кирилл Асташкин бұған дейін де полицияның назарына іліккен.

2024 жылдың қысында Петропавлдағы Жұмабаев көшесінде эвакуатор үстіндегі автокөлікпен қауіпті маневр жасап, оны бірнеше камера мен квадрокоптерге түсірген. Сол кезде «Газель» жүргізушісі айыппұл төлеп, блогерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек, жарнамалық контент түсіру кезінде автокөлікті әдейі сындырғаны үшін Асташкин 15 тәулікке қамалғаны да белгілі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх